jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қолжетімді медицина – аңыз әлде шындық: NUR.KZ МӘМС жүйесі бойынша арнайы жобаны іске қосты

    Медицина
    Фото: pixabay

    Медициналық сақтандыру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және МӘМС қатысушыларына қандай қызметтер қолжетімді екенін NUR.KZ-тің жаңа арнайы жобасынан біліңіз.

    Мұнда әрбір адам МӘМС жүйесіне қатысудан бастап, сақтанушының медициналық көмекке қатысты өз құқықтарын қалай қорғай алатынына дейін барлық сұрағына жауап ала алады.

    Жоба бірнеше бөліктен құралған. Олардың әрқайсысы міндетті медсақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтіні, жүйе қатысушысы атанудың жолдары, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медқызметтер пакеттерінің МӘМС-тен айырмашылығы, медициналық көмекті қаржыландыру деңгейі, жарналардың мөлшері және олардың нысаналы мақсаты туралы қажетті ақпаратты қамтиды.

    Сондай-ақ мұнда жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз. Атап айтқанда, сақтандыру мәртебеңізді қалай тексеруге болатынын, жеңілдік санатына кімдер жататынын, қандай жағдайда емханаңыздан тыс медициналық көмек ала алатыныңызды, шетелдіктерге медициналық сақтандыруды қалай алуға болатынын біле аласыз.

    Сонымен қатар жобада «сақтандырылған» мәртебесін алудың түрлі жолдары, пациенттердің құқықтарын қорғау, МӘМС үшін жарнаны қайта есептеу, мектеп медицинасы, жүкті әйелдерді қолдау, стоматологиялық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік медсақтандыру мәселелері жөнінде хабарласудың жолдары туралы анықтамалық ақпарат бар.

    Мұның бәрін осы жерден білуге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.