jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    2023 жылдан бастап елімізде жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады

    ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтар жарты жыл бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Әлеуметтік кодекстің төртінші жаңалығы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты. Қазіргі жүйе әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрін сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, ол сақталады. Дегенмен, мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бақытталмай, ең алдымен формалды форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады", - дейді Тамара Дүйсенова.

    Министр бұл мақсатты орындау үшін, ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын атап өтті.

    Сонымен қатар ведомство басшысы әлеуметтік жарнаны уақтылы аударып отырған қызметкерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылатынын айтты.

    "Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

    2023 жылдан бастап елімізде жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.