jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қаржы вице-министрі: Ұлттық қордың ақшасы 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл сақталады

    20 мың теңегелік банкноталар
    20 мың теңегелік банкноталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша шотта бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл сақталады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. Осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр", - дейді Темірбеков сенатта өткен отырыста.

    Ол 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылып отырғанын атап өтті.

    Сондай-ақ вице-министр бала 18 жасқа дейін Қазақстан азаматтығын өзгертсе, Ұлттық қордың ақшасын ала алмайтынын еске салды. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді.

    Ал егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады.

    Сонымен қатар Дәурен Темірбеков азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отырғанын айтты. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, қаржыны пайдалану құқығы ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес берілмек.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.