jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма: министр жауап берді

    Кішкентай қыз, ойыншығы және ақша
    Кішкентай қыз ақшаның үстіне қолын қойып отыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Агенттіктің мәліметінше, президенттің төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңестен кейін министр журналистердің "атаулы әлеуметтік көмек алынып тастала ма" деген сұрағына жауап берді

    Министр Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайтынын айтты.

    "Бізде көмек алып отырған отбасылар бар. Онда жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз", - деді Дүйсенова.

    Министрдің айтуынша, бұрын атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғындар өздері келіп арыз жазатын. Енді АӘК тағайындауға отбасының цифрлық картасы көмектеседі.

    "Жуырда мен депутаттармен кездесіп, цифрлық картаны көрсеттім. Бізде табысы күнкөріс деңгейінен төмен, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар, объективті және субъективті себептер бар. Осыған қарап, әрбір отбасыны анықтап, атаулы әлеуметтік көмекті беру мәселесін қарастыру керек екенін айттым", - деді министр.

    Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.