jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Асыраушыдан айырылғанда берілетін жәрдемақы қалай есептеледі

    ақша санап отырған әйел
    Жәрдемақы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елімізде асыраушыдан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне жәрдемақы беріледі. Оның қалай есептелетінін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Министрліктің мәліметінше, жәрдемақының көлемі қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің санына және елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

    "Асыраушысынан айырылған жандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі көп деңгейлі. Асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы базалық деңгейде тағайындалады.

    Мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда еңбек өтілі мен табысы есепке алынбайды. Жәрдемақының мөлшері қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің санына және елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалына жауабында.

    Министрліктің дерегінше, биыл 1 қаңтарда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мөлшері 8,5 пайызға өскен. Ал 1 шілдеден бастап оның мөлшері орташа 14,5 пайызға, жылдық мәнде 23 пайызға артқан.

    "Бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылған жандарға базалық жәрдемақыға қосымша әлеуметтік қолдау міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының асырауындағыларға да көрсетіледі.

    Аталған әлеуметтік төлем 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер және күндізгі бөлімде оқитын студенттерге 23 жасқа дейін тағайындалады. Асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері республикалық бюджетке сәйкес артып отырады", - делінген министрліктің агенттіке берген жауабында.

    Бұдан бөлек, егер азамат жұмыста жазатайым қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне сақтандыру шартына сәйкес ай сайынғы төлем жүзеге асырылады.

    Асыраушыдан айырылғанда берілетін жәрдемақы қалай есептеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.