jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлттық қор – балаларға": елде шетелдік балаларға арналған шот ашылғаны рас па

    Қағаз ақша
    Қағаз ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенат кулуарында Қазақстан азаматтығы жоқ балалардың Ұлттық қордан төлем алуға мүмкіндігі бар-жоғын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер үкіметтің жасаған мәлімдемесіне сүйеніп, Қазақстан азаматтығы жоқ балаларға "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында төлемдер түспейтінін айтты.

    Осыған байланысты журналистер Қазақстан азаматы болып саналмайтын кейбір балалар аталған төлемдерді алды деген ақпаратты түсіндіріп өтуін сұрады.

    "Шетелдік балаларға ақша аударылғаны туралы бірде-бір деректі естіген жоқпын, мұндай ақпарат анықталса, әрине, тиісті шаралар қолданылады.

    Жобаға қатысудың маңызды шарттарының бірі – Қазақстан азаматтығы. Егер бала ел азаматтығынан айырылса, түскен ақша елде қалады", – деді Ержан Біржанов.

    Оның айтуынша, шетелде бөлек шот ашылған жоқ.

    "Барлық баланың шоты БЖЗҚ-да жинақталған, ондай жайт болғанның өзінде ақша ешқайда кеткен жоқ, себебі қазір ол бірыңғай оператор ретінде БЖЗҚ депозиттік шотында жинақталған.

    Біз оларды жеке банк шоттарына жібермейміз, бұл ақшаның бәрі Қазақстанда", – деп түйіндеді вице-министр.

    Айта кетейік, 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қазақстандық балаларға ақша түсе бастады. Балалардың шоттарына 100,52 доллардан (Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 45 050 теңге) қаражат түсті.

    Содан кейін, қаржы вице-министрі неліктен балаларға Ұлттық қордан 170 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірген болатын.

    "Ұлттық қор – балаларға": елде шетелдік балаларға арналған шот ашылғаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram