jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік ресурста қазақстандықтардың жеке деректері тарағанын БЖЗҚ жоққа шығарды

    Жеке куәлік
    Жеке куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    БЖЗҚ өкілдері GitHub сайтындағы құжаттарға белгісіз тұлғалар орналастырған қазақстандықтардың дербес деректерінің дерекқорынан шыққаны туралы желіде таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қордың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қордан отандастарымыздың дербес деректері туралы мәліметтің шыққаны туралы дерек расталмады", - делінген мәлімдемеде.

    БЖЗҚ қауіпсіздік қызметі GitHub сайтында орналастырылған деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізген.

    "Нәтижесінде жарияланған каталогта enpf.kz сайтының сипаттамасы ғана көрсетілгені анықталды. Бұл сайт ашық ақпарат көзі және онда салымшылар мен алушылардың дербес деректері жоқ. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қор киберқауіптерге қарсы тұру үшін заманауи жарақталған жүйені белсенді түрде қолданады. Бұл жүйе Қордың ақпараттық технологиялық (АТ) инфрақұрылымының сыртқы және ішкі периметрін аса белсенді қорғау әдістерін қамтиды", - деді БЗЖҚ өкілдері.

    БЖЗҚ осы саладағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, түрлі жағдайларға, ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдеріне уақытылы жауап беріп, қажетті шараларды қолдана алатынын еске салды.

    Шетелдік ресурста қазақстандықтардың жеке деректері тарағанын БЖЗҚ жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.