jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    1949-1998 жылдар аралығында туған қазақстандықтарға 50 мың теңгеден берілетіні рас па

    Әлеуметтік көмек
    Ақша және банк карталары. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік қордан 50 мың теңге төлеу туралы таралып жүрген ақпарат жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 26 маусымнан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтеме бойынша өтуді ұсынады", - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің бұл түрі жоқ екенін және хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың пайдаланушының жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін екенін атап өтті.

    Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады.

    1949-1998 жылдар аралығында туған қазақстандықтарға 50 мың теңгеден берілетіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.