jitsu gif
Қаржы

    Республика күні кейбір астаналықтарға біржолғы ақшалай көмек беріледі

    Ақшасы бар әмиян ұстап тұрған адам
    Әмиян. Көрнекі Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    25 қазан – Республика күнінде әлеуметтік осал топ санатына жататын Астана тұрғындарына 16 614 мың теңге төленеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына" сәйкес жылына бір рет халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға мереке күндері төлем жасалады.

    25 қазан – Республика күні табысы аз азаматтарға 16 614 теңге (4,5 АЕК) төленеді.

    Тізімді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жасайды.

    Еске салайық, биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан – 25, 26 және 27 қазанда демалады.

    Биыл елордада 2024 жылдан бастап жекелеген азаматтарға жаңа әлеуметтік көмек енгізілген болатын.

    Астанада биыл қарттар күніне орай 107 мыңнан астам елордалық азаматқа 9 230 теңгенің біржолғы ақшалай төлемі берілетіні хабарланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.