jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

    Құлсарыдағы су тасқыны
    Құлсарыдағы су тасқыны. Фото: azh.kz

    Үкімет су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кәсіпкерлердің мүлік шығындарын өтеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.

    "2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4 пайызы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді", - делінген хабарламада.

    30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған.

    Ведомство өкілдері қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасып жатқанын, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатынын атап өтті.

    "Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.