jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтарға кеңестік үлгідегі құжаттарды сақтағаны үшін қомақты сыйақы берілетіні рас па

    Құжат тексеру сәті
    Құжат тексеру сәті. Көрнекі фото: Robert Michael / Picture Alliance / Getty Images

    Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжатқа қомақты сыйақы берілетін туралы хабарлама тарады. Еңбек министрлігі кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус берілетіні туралы хабарламаға қатысты түсініктеме беріп, ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake cайты.

    Желіде тараған хабарламада мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алатыны жазылған.

    Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайт мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    "Барлық әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік кодекспен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ!

    Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады", - деп ескертеді ведомство өкілдері.

    Қазақстандықтарға кеңестік үлгідегі құжаттарды сақтағаны үшін қомақты сыйақы берілетіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.