Сарапшылар Қазақстанда еңбекке жарамсыз адамдар көбейгенін мәлімдеді
Жарияланған күні:

Қазақстан соңғы он жылда демографиялық жүктеме бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, қазір Қазақстанда еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 750-ге жуық мүгедектігі бар дамдар, балалар мен қарт адамдардан келеді. Ең үлкен демографиялық жүктеме – Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында. Ең төменгі мәндер Алматы мен Астанада тіркелді.
Мамандардың айтуынша, елімізде мүгедектігі бар қазақстандықтар саны артып келеді.
Жұмыс ресурстары орталығының мамандары төрт жылдан кейін бұл көрсеткіш төмендей бастайды деп болжап отыр. Бірақ 2035 жылға қарай туу деңгейінің өсуінің жаңа кезеңі болады. Ал 2050 жылға қарай еңбекке жарамды мың азаматқа 799 еңбекке жарамсыз адамнан келеді.
Телеарнаның мәліметінше, 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы ерлер арасында 68,4 жас, әйелдер арасында 73,8 жас болған. Сарапшылар 25 жылдан кейін ерлер 75-ке, ал әйелдер 80-ге дейін өмір сүреді деп есептейді. Сондай-ақ, БҰҰ болжамы бойынша, осы уақытқа дейін планетада 65 жастан асқан адамдар саны екі есеге артып, қарт адамдар халықтың 16 пайызына теңеседі.
Мамандардың айтуынша, бала туу көрсеткішін ынталандыру қажет. Әйтпесе, халықтың қартаюы болашақта экономикаға салмақ түсіреді.
"Әлеуметтік құрылымға түсетін салмақты, зейнетақыны төлеуді арттыру қажет болады – бұл әсіресе экономикалық дағдарыс кезінде сезіледі", - дейді R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.
Сондай-ақ, оқуын ұзартып, колледждерден жоғары оқу орындарына немесе магистратураға өтуді қалайтын жастардың саны артып келе жатқаны атап өтілді. Дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекеттік саясат еңбек ресурстарын секторлар мен аймақтар бойынша тиімдірек бөлуге бағытталуы керек, деп санайды сарапшылар.
"Техникалық немесе кәсіптік білімі бар жұмысшылар үшін миллионнан астам жұмыс орны ашылады деген тенденцияны көріп отырмыз, бұл ең алдымен, демографиялық үрдістерге байланысты жұмысшыларға сұраныс бар білім беру секторы және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге сұраныс артады деп болжануда", - деп атап өтті еңбек нарығының сарапшысы Александра Молчановская.
Жалпы, мамандар мәселені шешудің жолы қазақстандықтарды еңбек ресурстары тапшы аймақтарға көшуге ынталандыру болуы мүмкін деген пікірде. Алайда солтүстікке қоныстандырудың қазіргі бағдарламасы күткен нәтиже бермеді – қатысушылардың бір бөлігі өз қалаларына оралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2187714-sarapshylar-qazaqstanda-engbekke-zharamsyz-adamdar-kobeigenin-malimdedi/