jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    2025 жылы қандай әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейеді

    Ақша ұстаған адам қолы
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

    Қазақстанда 2025 жылдан бастап мүгедектікке немесе асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер сомасы ұлғаяды. Оның қаншалықты өсетіні жайлы толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтында.

    Екі әлеуметтік төлемнің мөлшері 2025 жылы ұлғайтылатыны белгілі болды. Премьер-министрдің қаулысы жарияланды, оған сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 6,5 пайызға өседі.

    Әлеуметтік төлемдердің нақты сомасы әр адамға жеке есептеледі. Яғни, қазіргі таңда алатын төлеміңіз 6,5 пайызға өседі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қазан айындағы мәліметі бойынша:

    • мүгедектікке байланысты төлемдердің орташа мөлшері – 59 256 теңге;
    • асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері – 63 743 теңге.

    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін бес түрлі төлемнің тек осы екеуі 2025 жылы индексацияланады. Қалған төлемдердің мөлшерінде өзгеріс болмайды.

    Бұл төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленеді және ресми түрде жұмыс істеп, барлық міндетті аударымдары уақытында жүргізілген азаматтарға қолжетімді.

    2025 жылы қандай әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.