jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық қордан кәмелетке толған балаларға қанша ақша аударылғаны белгілі болды

    Диван үстіндегі балалар. Көрнекі сурет
    Диван үстіндегі балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    "Ұлттық қор – балаларға" бағларламасы аясында кәмелет жасқан толған балаларға 4,2 млн доллар аударылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Қор мәліметінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап шамамен 4,2 млн АҚШ долларына 41 799 өтінішті орындады. Қаражат өтініш берушілердің банк шоттарына түсуі үшін уәкілетте операторларға аударылған.

    Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,3 млн-ға жуық доллар, білім беру ақысын төлеу үшін 1,9 млн-нан аса доллар жұмсалған.

    Айта кетсек, Ұлттық қордан балаларға деп бөлінген қаражатты кәмелетке толғандар толық немесе бір бөлігін пайдалануға құқылы.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында қазақстандық балаларға 2025 жылы қанша ақша аударылатыны мәлім болған.

    Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балалар есебіне аударуды көздейтін заңға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 16 қарашада қол қойған. Қор алғашқы төлемді 2024 жылдың басында аударған.

    Ұлттық қордан кәмелетке толған балаларға қанша ақша аударылғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.