Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
Опубликовано:

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты өткен брифингте билік Azerbaijan Airlines лайнерінің апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем туралы шешім қабылданды. Жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша 357 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.
Төлемдер туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев та айтты.
"Яғни, әр отбасыға ай сайын 500 мың теңгеден астам қаражат алатын болады. Егер ол көп балалы отбасы болса, бір жерде жоғары сома болуы мүмкін. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдер ай сайын беріледі. Біржолғы көмек - 5 млн теңге", - деді ол.
- Ақтаудағы ұшақ апаты: НАТО өкілі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді
- Бозымбаев: Embraer компаниясының өкілдері Қазақстанға келеді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2205671-aqtau-mangyndagy-ushaq-apatynan-qaza-tapqandardyng-otbasylaryna-qandai-komek-korsetiledi/