jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бектенов жұмыс істей алатын адамды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек екенін айтты

    Премьер
    Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

    Премьер-министр Олжас Бектенов сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, бюджетке елеулі жүктеме артатын – әлеуметтік сала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15 пайыздан 12 пайызға дейін қысқартылғанын мәлімдеді. Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.

    "Бұл шығындардың үлесі ұзақ уақыт бойы республикалық бюджеттің 40 пайызынан астам бөлігін құрады. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38 пайызға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз.

    Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да", - деді Олжас Бектенов.

    Бектенов жұмыс істей алатын адамды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.