jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда 54 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

    Ақша ұстаған адам қолы
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 290 мыңнан астам адам үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға тағайындалды. Оның жалпы сомасы 30,3 млрд теңге болды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.

    Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

    Атаулы әлеуметтік көмек:

    • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындауды;
    • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беруді;
    • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді.

    Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК-ке өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

    Қазақстанда 54 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.