jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

    Зейнетақы
    Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Индексацияға сәйкес, бұл төлемдер шамамен 10 пайызға өседі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "2025 жылғы әлеуметтік бюджет шамамен алты триллион теңгені құрайды. Жыл басында ол 5,9 триллион теңге болды, ал келесі жылға біз әлеуметтік бюджетті 6,8 триллион теңгеге жеткіздік. Яғни биылмен салыстырғанда 887 миллиард теңгеге өсім бар. Бұл қандай қаражат? Зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға ұлғаяды", - дейді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

    Серік Жұманғарин әлеуметтік төлемдердің жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, биыл зейнетақы мен жәрдемақы 8 жарым пайызға ұлғайған. Келер жылы да бюджеттен қосымша 636 миллиард теңге қарастырылып отыр.

    Халықтың әл-ауқатын көтеру мемлекет саясатының негізгі басымдығы дейді министр. Қазір елімізде 5 миллионға жуық азамат әлеуметтік төлем алып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс төрт жылдан бері қолға алынып, табысты арттыруға арналған арнайы бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр.

    2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.