Қазақстандықтар уақытша БЖЗҚ-ға хабарласа алмайды: қор өкілдері түсінік берді
Опубликовано:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері салымшыларға алдағы күндері қызмет көрсету арналары уақытша жұмыс істемейтінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету арналары (телефон және онлайн-чаттар) уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда, мерзімінен бұрын төленетіні туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеген еді.
"Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады.
Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді.
Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2325713-qazaqstandyqtar-uaqytsha-bzhzq-ga-habarlasa-almaidy-sebebi-belgili-boldy/