jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте 8 наурызға орай біржолғы әлеуметтік төлем кімге беріледі

    Ақша салынған конверт
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Шымкентте көпбалалы аналар бір реттік әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

    Қала әкімдігіне сілтеме жасаған басылымның жазуынша, 8 наурызға арналған біржолғы төлем "Алтын алқа" және"Күміс алқа" иегерлеріне, "Батыр ана" атағын алған әйелдерге, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандарға беріледі.

    Мерекелік жәрдемақы 2026 жылғы 8 наурыздағы жағдай бойынша Шымкентте тұрақты тіркелген әйелдерге төленеді. Барлығы қалада 14 267 анаға материалдық қолдау көрсету жоспарланған.

    Біржолғы әлеуметтік төлем 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (21 625 теңге) беріледі. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.

    Төлемді алушылардың тізімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде автоматты түрде қалыптасады. Ешқандай өтініштер талап етілмейді, төлемдер белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Айта кетейік, бұған дейін Астанада 8 наурызға орай біржолғы төлем кімге берілетінін жазған едік.

    Шымкентте 8 наурызға орай біржолғы әлеуметтік төлем кімге беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.