"БЖЗҚ-ға қайтарудың қажеті жоқ": "Отбасы банк" зейнетақы қаражатына қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:

"Отбасы банк" зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзіміне қатысты талаптың алып тасталғанын мәлімдеді. Бұған дейін алты жыл ішінде ипотекалық қарыз рәсімдеу талабы бар болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы артық қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алты жыл ішінде ипотекалық қарыз рәсімдеп үлгермеген жағдайда, бұл қаражаттың тағдыры не болатыны туралы көптеген сұрақ қойылып жатқанын көріп отырмыз.
Көпшілігіңізді: "Белгілі бір себептермен баспана сатып алуға үлгермесек, қаражат қайтадан БЖЗҚ-ға қайтарыла ма?" деген сұрақ алаңдатады.
Сіздерді қуантқымыз келеді: енді қаражатты БЖЗҚ-ға қайтарудың қажеті жоқ", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Банктің мәліметінше, енгізілген өзгерістерге сәйкес, алты жыл мерзім өткеннен кейін де қаражат "Отбасы банкіндегі" депозитте сақталады.
"Яғни, алты жыл мерзімі өткеніне байланысты жинақтарыңыз автоматты түрде БЖЗҚ-ға қайтарылмайды.
Сонымен қатар "Отбасы банкі" ипотекалық қарыз рәсімдеуді кейінге қалдырмай, мүмкіндігінше осы қаражатты тұрғын үй сатып алуға арналған бастапқы жарна ретінде пайдалануға кеңес береді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың депозитке аударған зейнетақы жинағы ипотека рәсімделмесе, кері қайтарылуы мүмкін екенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2428611-bzhzq-ga-qaitarudyng-qazheti-zhoq-otbasy-bank-zeinetaqy-qarazhatyna-qatysty-malimdeme-zhasady/
