jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мұқтаждық деңгейіне қарай беріледі: үкімет жәрдемақы түрлері мен оны тағайындау шарттарын бекітті

    ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан үкіметі жәрдемақы түрлері мен оларды тағайындау шарттарын бекітті – тиісті қаулы Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысымен жәрдемақы тағайындау, тоқтата тұру, қайта тағайындау және төлемдерді тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттары бекітілді.

    Құжатқа берілген қосымшаға сәйкес, тізімге 10 жәрдемақы түрі енеді:

    • бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
    • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
    • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан, он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейінгі (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейінгі) балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
    • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
    • мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
    • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
    • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
    • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
    • мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
    • арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.

    Жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі.

    "Мұқтаждық қағидатына сәйкес, жәрдемақы алуға, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемге Кодекстің 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітетін отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі арқылы белгіленген әлеуметтік әл-ауқат деңгейі жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("B" деңгейі) адамдардың құқығы жоқ, - делінген құжатта.

    Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылдан бастап кейбір жәрдемақы жаңаша есептеле бастайтыны туралы жазғанбыз.

    Мұқтаждық деңгейіне қарай беріледі: үкімет жәрдемақы түрлері мен оны тағайындау шарттарын бекітті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram