jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    "Қазақмыс" басшысы Лос-Анджелестегі зәулім жекежайына қатысты жауап берді

    : Facebook

    "Қазақмыс" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай

    KAZ.NUR.KZ

    порталына берген сұхбатында америкалық БАҚ-та пайда болған Лос-Анджелестегі жекежайының сатылуына қатысты пікір білдірді. Бұл элиталық жылжымайтын мүлік 30 млн долларға бағаланған.

    Фото: dirt.com
    Фото: dirt.com: Facebook

    БАҚ-та Лос-Анджелестегі сізге тиесілі жекежай сатылымға қойылды деп жазуда, бұл ақпарат қаншалықты рас?

    - 2014 жылы жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын менің компаниям жекежайды сатып алған.

    Бұл жер телімі сізге қанша шығын әкелді және оны сатып алу үшін осынша қаражатты қалай жинадыңыз?

    - Жекежайды 40 млн долларға алдық. Оның 60% Аxosbak бөлсе, қалған 40% инвесторлардан жинадық.

    Біз біреуінде жаңа үй салу үшін, екіншісінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үйдің аумағын екі учаскеге бөлдік.

    Жоба аяқталған соң қанша табыс табуды көздеп отырсыз?

    - Екі үйдің әрқайсысын 30 млн доллардан сатуды көздеп отырмыз. Егер келіссөздер нәтижелі аяқталса, онда біз бірнеше миллион пайда табамыз.

    Сіз осы үйде тұрып көрдіңіз бе? Уақытыңыздың көп бөлігін қайда өткізесі?

    - Менің отбасым бұл үйде тұрмаған және тұрмайды. Отбасым екі қалада: Алматы және Мәскеуде тұрады. Мен Алматыда тұрамын, бірақ бизнесім бойынша Мәскеуде жиі боламын.

    Үйдің сатылымынан түскен қаржыны қайда инвестициялауды жоспарлап отырсыз?

    - Егер сату бойынша келіссөздер нәтижелі аяқталса, біз түскен пайданы Қазақстан экономикасына инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Егер сіздерге қызық болса, хабарлайтын боламыз.

    Фото: dirt.com
    Фото: dirt.com: Facebook

    Естеріңізге салсақ, бұған дейін қымбат жекежай туралы ақпарат Variety журналында жарияланған болатын.

    Жекежай "Беверли парк" аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метрді қамтиды. Мұнда 10 жатын бөлмесі және 16 ванна бөлмелері бар.

    Фото: dirt.com
    Фото: dirt.com: Facebook

    Сондай-ақ, жекежайда жаттығу залы, бассейн, үй кинотеатры және шарап қоймасы бары айтылған.

    Виллаға 73 бақуатты адам көрші болып тұр. Олардың ішінде Эдди Мерфи, Сильвестр Сталлоне, Род Стюарт сияқты танымалдар бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.