jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Bentley - 129 млн теңге: Қазақстандағы ең қымбат көліктердің бағасы қандай

    : UGC

    Біз хабарландыру сайттарында "қолдан" сатылатын әртүрлі маркалы автокөліктердің бағаларымен таныстық. Нұрфин редакциясы Қазақстанда сатылатын модельдердің қайсысы ең қымбат, олардың сипаттамалары қандай және олар қай қалаларда сатылатыны туралы айтып береді.

    Kolesa.kz сайтындағы көптеген хабарландырулардың арасынан біз 2019 жылға дейінгі автокөліктерді таңдадық. Сатылымға автосалон көліктері қатыспайды. Бір маркада тоқтап қалмас үшін, біз әртүрлі брендтегі автокөліктерді таңдадық.

    Bentley, 129 150 000 теңге

    2016 жылы шығарылған Bentley Mulsanne Қазақстанда сатылатын ең қымбат автокөліктер тізімін бастады. Темір тұлпар Алматы қаласында. Қозғалтқышының көлемі - 6,7 литр. Бензинмен жұмыс істейді. Көлік автомат қораппен жабдықталған.

    Bentley Mulsanne. Фото: kolesa.kz
    Bentley Mulsanne. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Bentley Mulsanne. Фото: kolesa.kz
    Bentley Mulsanne. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Mercedes, 109 155 000 теңге

    Бұл Қазақстанда сатылатын ең қымбат автокөліктер арасында танымал марка. Mercedes-Benz SLS AMG 2012 жылы шыққан моделі бағалы көлік. Оның қозғалтқышы бензинді, 6,2 литр. Сондай-ақ, ол автомат қораппен жабдықталған. Алматыда сатылады.

    Mercedes-Benz SLS AMG. Фото: kolesa.kz
    Mercedes-Benz SLS AMG. Фото: kolesa.kz: Facebook

    Mercedes-Benz SLS AMG. Фото: kolesa.kz
    Mercedes-Benz SLS AMG. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Rolls-Royce, 100 000 000 теңге

    Сатылатындар қатарында Rolls-Royce маркалы көлігі де бар. 2015 жылы шыққан Rolls-Royce Wraith көлігінің қозғалтқыш көлемі - 6,7 литр. Бензинмен жұмыс істейді, автомат қорабы және артқы жетегі бар.

    Rolls-Royce Wraith. Фото: kolesa.kz
    Rolls-Royce Wraith. Фото: kolesa.kz: Facebook

    Rolls-Royce Wraith. Фото: kolesa.kz
    Rolls-Royce Wraith. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Ford, 91 000 000 теңге

    1968 жылы шығарылған Ford Mustang көлігін де Алматыдан алуға болады. Оның қозғалтқышы - 7,2 литр. Бензинмен жұмыс істейді, артқы жетегі бар. Бұл механикалық қораппен жабдықталған жалғыз нұсқа.

    Ford Mustang. Фото: kolesa.kz
    Ford Mustang. Фото: kolesa.kz: Facebook

    Ford Mustang. Фото: kolesa.kz
    Ford Mustang. Фото: kolesa.kz: Facebook

    BMW, 70 000 000 теңге

    2017 жылы шығарылған BMW M760 көлігінің қозғалтқышы - 6,6 литр. Автомат қораппен жабдықталған. Бензинмен жұмыс істейді. Алматыда сатылады.

    BMW M760. Фото: kolesa.kz
    BMW M760. Фото: kolesa.kz: Facebook

    BMW M760. Фото: kolesa.kz
    BMW M760. Фото: kolesa.kz: Facebook

    Toyota, 57 000 000 теңге

    2013 жылы шыққан Toyota Tundra автокөлігі автоматты қораппен жабдықталған, бензинді қозғалтқыш көлемі - 5,7 литр. Бұл көлікті де Алматыдан алуға болады.

    Toyota Tundra. Фото: kolesa.kz
    Toyota Tundra. Фото: kolesa.kz: Instagram

    Toyota Tundra. Фото: kolesa.kz
    Toyota Tundra. Фото: kolesa.kz: Facebook

    Porsche, 55 000 000 теңге

    Бұл көлікті алу үшін Нұр-Сұлтанға бару керек. Porsche 911 маркалы темір тұлпары 2017 жылы шыққан. Көліктің қозғалтқышы - 3 литр. Бензинмен жұмыс істейді, автомат қораппен жабдықталған.

    Porsche 911. Фото: kolesa.kz
    Porsche 911. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Porsche 911. Фото: kolesa.kz
    Porsche 911. Фото: kolesa.kz: Twitter

    Bentley - 129 млн теңге: Қазақстандағы ең қымбат көліктердің бағасы қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.