jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұрфин рейтингі: Қай дәріханада дәрі-дәрмек бағасы арзан

    : Facebook

    Дәрі-дәрмекті жиі тұтынатын қазақстандықтардың бағалары арзанырақ дәріханаларды іздейтіні белгілі. Осы орайда Нұрфин редакциясы әртүрлі дәріхана желілеріндегі дәрі-дәрмек бағаларына шолу жасап көрді.

    Көрнекі сурет: pixabay.com
    Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

    Үлгі ретінде біз Алматыдағы ондаған және одан көп сауда нүктелерінде қызмет ететін дәріхана желілерінің бағаларын қарастырдық.

    Атап айтқанда, біздің рейтингке бес компания кірді: "Биосфера" дәріхана маркеті, "Добрая аптека" желісі, "Europharma", "Рауза-АДЕ" және "Садыхан" әлеуметтік дәріханасы.

    Дәрі-дәрмек бағаларына 2020 жылғы 10 қаңтарда шолу жасалды. Бұл орайда жеңілдіктер мен өзге де промоакциялар ескерілмеді.

    Біз дәрі-дәрмек бағаларын жоғарыда аталған компаниялардың интернет-дәріханаларынан алдық.

    Үлгі ретінде түрлі ауруларға қарсы дәрілік заттарды қарастырдық:

    • Парацетамол – анальгетикалық және қызуды түсіретін дәрі, мөлшері – 0,5 грамм, қағаз қаптамада 10 дана. Бағасы 50-ден 70 теңгеге дейін. Ең арзаны – "Рауза-АДЕ" мен "Добрая аптека" желілерінде, ал ең қымбаты – "Биосферада".
    • Глицин Озон – мидың метаболизмін жақсартатын препарат. Қаптамада 50 дәрі, көлемі – 100 миллиграмм. Бағасы: 115-тен 140 теңгеге дейін. Ең арзаны – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Добрая аптекада".
    • Новиган Нео – түйілуді басатын дәрі-дәрмектер. Қаптамада 20 дәрі, мөлшері – 400 миллиграмм. Бағасы: 475-тен 580 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Биосферада".
    • Ново-Пассит – жүйке жүйесін тыныштандыруға сұйық дәрілік зат. Көлемі – 100 миллилитр. Бағасы: 1 065-тен 1 345 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Биосферада".
    • Панангин – жүрек және қан тамырлары ауруларына қарсы дәрі. Қаптамада 5 ампула, әрқайсының мөлшері – 10 миллилитр. Бағасы: 1 080-нен 1 290 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Биосферада".
    • Лабицид S4 – пробиотик. Қаптамада 20 капсула. Бағасы: 1415-тен 1672 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Europharma" дәріханасында.
    • Адсорбикс Экстра – құрамында микрондалған белсендірілген көмір бар сіңіргіш препарат. 200 миллиграммдық капсулаларда болады. Қаптамада 30 дана. Бағасы: 1 715-тен 2 119 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Europharma" дәріханасында.
    • Кетанов – ауруды басатын дәрі. Қаптамада 10 миллиграммнан 100 дәрі. Бағасы: 1 805-тен 2 113 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Europharma" дәріханасында.
    • Канефрон Н – несеп-жыныстық жүйе ауруларын емдеуге арналған қабынуға қарсы препарат. Қаптамада 60 дәрі. Бағасы: 2 520-дан 2 984 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Europharma" дәріханасында.
    • Фосфоглив – бауыр қызметін қалпына келтіретін дәрі. Қаптамада 50 капсула. Бағасы: 3 205-тен 3 704 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Europharma" дәріханасында.
    • Нимесил – қызуды және ауруды басатын, қабынуға қарсы препарат. Қаптамада суспензия жасауға арналған ұнтақ қосылған 30 қапшық бар. Әрқайсында 2 граммнан. Бағасы: 3 165-тен 3 900 теңгеге дейін. Ең арзасы – "Рауза-АДЕ" желісінде, ең қымбаты – "Биосферада".

    Біз бес дәріхана желісінің бағалары әртүрлі екеніне көз жеткіздік. Біреуінде бір дәрі қымбатырақ болса, екіншісінде басқа дәрілік зат қамбаттау болып шықты. Сол себепті жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектердің жалпы бағасын салыстырдық. Нәтижесін төмендегі кестеден көрулеріңізге болады.

    Нұрфин рейтингі: қай дәріханада дәрі-дәрмек бағасы арзан
    : UGC

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Нұрфин рейтингі: Қай дәріханада дәрі-дәрмек бағасы арзан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.