jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    14300 төлеп, табысқа кенел: ІІМ "қара касса" ойыны туралы хабарламаны тексеруде

    : UGC

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазан немесе қара касса» ойыны жарнамаланған хабарламалар таралып жатыр. Онда қатысушылар 14300 теңге төлеуі керек екені айтылған. Сондай-ақ, тағы екі адамды өзіңмен бірге тарту үлкен табыс әкеледі деп уәде етілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    14300 төлеп, табысқа кенелу: ІІМ "қара касса" ойыны туралы хабарламаны тексеруде
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    ІІМ Криминалдық полиция департаменті жоғарыда аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бұл жөнінде Polisia.kz мәлімдеді.

    Қаржы пирамидаларын құрғаны және басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.

    Айта кетерлігі, 2018 жылы ішкі істер органдары 103, ал өткен жылы 23 қаржы пирамидасын анықтады.

    «Ағымдағы жылдың басынан бері ішкі істер органдары қаржы пирамидаларын құрудың 4 фактісін тіркеді.

    Ескертулерге қарамастан, қазақстандықтар алаяқтықтың түрлі схемалы қақпанына түсуде. Мұндай құрылымдарды ұйымдастырушылар жаңа аңыздар ойлап тауып, кәдімгідей тұсаукесерлер жасайды.

    Осылайша өзінің құқыққа қарсы қызметін кеңінен жарнамалайды. Ал жеңіл табыс тапқысы келген адамдар тез баюға ұмтылып, ойланбастан ақшасын бересалады», – деп атап өтті Криминалдық полиция департаменті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    14300 төлеп, табысқа кенел: ІІМ "қара касса" ойыны туралы хабарламаны тексеруде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.