jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдіктер Қазақстанда қаржылық пирамида ұйымдастырған (видео)

    Ақтөбедегі қаржы пирамидасы
    Видеодағы кадр: ҚР ҚМ ҚМК

    Шетелдіктер Қазақстанның 5 қаласында заңсыз пирамида схемаларын іске асырған. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады.

    Іс бойынша айыпталушылар өзін "Unique Finance" шетелдік фирмасының өкілдері ретінде таныстырып, адамдарға Pepsi, Nike, Microsoft, Ford, BMW сияқты танымал халықаралық компаниялардың құнды қағаздарына ақша салуды ұсынғаны анықталды.

    Инвесторларға ай сайынғы инвестиция жалпы соманың 6 пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жаңа серіктес салымының тағы 5 пайызы мөлшерінде пайда алуға уәде етілген. Компанияға ең төменгі жарна 1000 долларды құрады (427 мың теңгеден астам).

    Алайда, іс жүзінде пирамиданы ұйымдастырушылар оның орнына танымал компаниялардың жалған акцияларын бере отырып, клиенттердің қаражатын иемденіпті.

    Заңсыз әрекеттер Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Оралда жүзеге асқан.

    Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Ақшаларын "Unique finance"-қа салған қазақстандықтарды құзырлы органдарға арызбен жүгінуге шақырды.

    Еске салсақ, Алматыда "B2B Jewelry" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу жалғасып жатқаны туралы жазған едік. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті алаяқтар өз құрбандарына сатып алу сомасының 104%-ын қайтарып беру кепілдігімен зергерлік бұйымдарды ұсынған.

    Айта кеткен жөн, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында филиалы бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кескенін хабарлаған едік.

    Шетелдіктер Қазақстанда қаржылық пирамида ұйымдастырған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.