jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде автокөліктер бағасы не себепті қымбаттап кеткен

    Ер адам көлік айдап бара жатыр
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда биыл елде көлік бағасы 17 пайызға шарықтаған. Ал соңғы бес жылда баға екі есеге өскен деп хабарлады Almaty.tv.

    Жүргізушілердің айтуынша, бағаның қымбаттауына өзге елден көліктің кірмеуі себеп болып отыр. Сондықтан ел ішінде жүрген ескі көліктер бағасы жыл санап артып жатыр деген пікірде.

    2014 жылғы "Приора Люкс" жабдықтамасының орташа бағасы 2018 жылы 1 500 000 - 1 700 000 болса, биыл бұл көлікті 2 жарым миллион теңгенің шамасында аласыз.

    Ал Мерседес Е класс бұрын 2 миллионға бағаланса, қазір тіпті 3,5 миллион теңгеге дейін кездестіруге болады. Камри 50 көлігі 2018 жылы 5 миллионнан басталса, қазір 8 миллион теңгеге дейін сатылымда тұр.

    "Жаңа көліктен бастасақ, 2020 жылы танымал көліктерге сұраныс көп болды. Ал өндірушілер көп шығара алмады. Сондықтан қымбаттады. Қолданыстағы көліктер бағасының қымбаттауына да осы себеп. Жаңа көліктер шықпағасын қолда тұрған көліктердің үстіне баға қосып сатты және биыл әлемде металл қымбаттады", – деді автосарапшы Олжас Оқас.

    Оның айтуынша, Ресейде коммерциялық көліктер қымбаттаған. Бұрын долларменмен сатылған көліктер өз бағасын ұстап тұр.

    "Ал теңгемен сатылған көліктердің бағасы валюта қымбаттағасын өсіп кетті", – дейді сарапшы.

    Мамандар шарықтаған бағаны түсіру үшін утилизация алымын төмендету керек деп санайды. Әзірге бұл мәселе де көңіл көншітерліктей емес. Себебі шет елден әкелінетін қозғалтқыш көлемі 2.5 литрлік көліктің құжатына 1 325 000 теңге сарп ету керек. Ал 3,5-ке 3,5 миллион теңге төлеуге тура келеді. Сондықтан жұрт қазір қымбат та болса, ел ішіндегі көліктерді місе тұтуға мәжбүр.  

    Елімізде автокөліктер бағасы не себепті қымбаттап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.