jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов өз Instagram парақшасында жазды.

    "Жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру тұрғын үй бағдарламасы елорданың жас мамандарына арналған. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, полиция департаменті, ТЖД қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлері және т.б. арналған",- деп жазды әкім.

    Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға "Отбасы банк" пен 2021-2023 жылдарға арналған "Elorda Jastary" бағдарламасы көмектеседі.

    Бағдарлама шарттары мынадай:

    • Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады.
    • қалада кемінде бір жыл тіркеуде тұруы қажет,
    • "Отбасы банкте" жинақ шоты бар болуы керек,
    • бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде),
    • ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы шарт.

    Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны - шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

    Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады. Қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ сайтында (zhilfond.kz) танысуға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады.

    Көлгіновтің айтуынша, биыл Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы да жалғасын таппақ. Аталған бағдарлама аясында бір мыңнан астам жас баспаналы болады.

    Елордада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.