jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында банк қызметкері сыбайласымен 100-ден астам ауыл тұрғынына несие рәсімдеген

    алаяқ әйел
    Көрнекі фото: polisia.kz

    Түркістан облысында банк қызметкері мен оның сыбайласы 100-ден астам ауыл тұрғынына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданып, өзге біреу оның атынан 3,5 миллион теңгеден астам несие рәсімдегенін айтқан. Банктен қарызды төлеу туралы хабар келгенде тұрғын бірден полицейлерге жүгініпті. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

    Сайрам аудандық тәртіп сақшылары банк қызметкерлерінен, көрген-білген куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні бір күнде анықтап, қолға түсірді.

    Ол жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас қыз болып шықты. Тергеу кезінде бұл қылмысқа банк қызметкерінің де қатысы бар екені анықталды.

    Полиция күдіктілер бір жүйемен жұмыс істегенін хабарлады. Алаяқ ауылдастарына, таныстарына “мемлекет тарапынан әр балаңызға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алуға қажет құжаттарды жинақтап беремін” деп алдаған. Содан өзіне сеніп, құжаттарын берген жәбірленушілердің жеке мәліметтерін арам ойын іске асыру мақсатында пайдаланған.

    Яғни, жәбірленуші әйелдердің құжаттарымен банктегі сыбайласына несиеге сұраныс тастап, оңай алып отырған. Екі күдіктінің бұдан бөлек 100-ден астам іске қатысы бар болып шықты. Олар өзгелердің атынан 300 миллионға жуық несие рәсімдеп, ақшаларын өз пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қыз бен бұрынғы банк қызметкері қамауға алынды. Тергеу Сайрам АПБ-де жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

    Түркістан облысында банк қызметкері сыбайласымен 100-ден астам ауыл тұрғынына несие рәсімдеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.