jitsu gif
Қаржы

    Елорда әкімі кезекте тұрғандарға пәтер кілтін табыстады

    әкім
    Фото: Алтай Көлгіновтің әлеуметтік желідегі парақшасы

    Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілті табысталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа жылды қала тұрғындарының бір бөлігі көптен күткен пәтерінде қарсы алады. Бүгін жылдар бойы кезекте тұрған елордалықтарға пәтер кілті табысталды. Олардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер және т.б. бар.

    Тұрғын үй кешені Алматы ауданында орналасқан (Ш.Құдайбердіұлы көшесі). Кезекте тұрған 200-ге жуық отбасыға аталған тұрғын үйден пәтер берілді. Көктемде аумағын абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Осы айда кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтердің кілтін алды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін ұлғайды. Соңғы 3 жылдың өзінде қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 5,5 есеге артты. Мысалы, 2018 жылы 1800 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да сақталмақ.

    Жаңа 2022 жылы тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Дайындық жұмыстары басталды.

    Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасын жалғастырамыз, биыл да жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық.

    Қоныс той құтты болсын! Әрбір отбасыға амандық тілеймін!" - деп жазды елорда басшысы.

    Елорда әкімі кезекте тұрғандарға пәтер кілтін табыстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.