jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада арзан көлік бөлшектерін уәде еткен алаяқ 60-тан асқан адамды сан соқтырды

    60-тан астам нұрсұлтандық арзан автобөлшек алам деп алданды
    Көрнекі сурет: Pixabay.com

    Елордалық полицейлер Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам бірден 63 алаяқтық оқиғасы бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам сайтқа автокөлік бөлшектерін нарық бағасынан төмен бағамен сату туралы хабарландыру салған. Ол автокөлік бөлшектерінің суретін интернеттен тауып қойып, сату кезінде сатып алушыларға жеткізіп беруге уәде берген.

    "Келіссөздер барысында күдікті әлеуетті сатып алушыларға тауары бар көліктің жөнелтуге дайын тұрғанын, сатып алушының мекенжайына қарай жіберетінін айтып, кепілақыны бірден аудартуға асықтырған. Сенім білдірген азаматтар оған ақша аударып жіберген соң, ол бар хабарландыруды өшіріп, байланысты үзген", – деді полиция.

    Осылайша ол 4,5 млн теңге табыс тапқан.

    Шымкенттік азамат алаяқтықтың 63 дерегіне күдікті ретінде танылып отыр. Барлық факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    "Қылмыстық істер сотқа жіберілді, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов.

    Полицейлер қазақстандықтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін бірнеше кеңес берді:

    • еліміздің басқа аймағында орналасқан көліктерді немесе қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыздан немесе туыстарыңыздан оның бар-жоғын және жағдайын тексеруді сұраңыз;
    • әсіресе мәміленің заңдылығына күмәндансаңыз, алдын ала төлеу қағидаты бойынша тауардың құнын төлемеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз;
    • сатушыдан өнімнің фотосуретін алуға тырысыңыз немесе бейнеқоңырау шалыңыз. Егер сатушы сізге түрлі сылтау айтып, басқаша көндіруге тырысса, бұл арам пиғылды адам деген сөз;
    • егер сатушы сіздің өтінішіңіз бойынша жеке куәлігін көрсету үшін оның фотосуретін жіберсе, сенім білдіруге асықпаңыз. Бұл қадам айла болуы мүмкін.
    Елордада арзан көлік бөлшектерін уәде еткен алаяқ 60-тан асқан адамды сан соқтырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.