jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда автокөліктерді заңдастыруға 30 мыңнан астам өтінім мақұлданды

    жеңіл көлік
    Жеңіл көлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Бүгін Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына екінші апта. Сегіз күн ішінде бірнеше ондаған мың өтініштер мақұлданды. Бұл туралы Polisia.kz ресми Telegram жаңалықтар арнасында хабарлады.

    "Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 30 415 өтінім мақұлданды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

    Сондай-ақ, қазірдің өзінде 6868 көлікке жаңа құжаттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді.

    Айта кетейік, Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ғана әкелінген, қылмыстық тіркелмеген, сондай-ақ бұрын басқа мемлекетте тіркелген жері бойынша есептен шығарылған көліктер заңдастырылуға жатады.

    "Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінетін автокөлік кедендік ресімдеуден өтуі керек", – деп атап өтті ІІМ.

    Өтінішті eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.

    Қазақстанда автокөліктерді заңдастыруға 30 мыңнан астам өтінім мақұлданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.