jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елде қанша адам өзінің шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді

    Көлігін заңдастырған көкшетаулық тұрғын
    Көлік заңдастыру. Фото: Рolisia.kz

    Көкшетаудың 31 жастағы тұрғыны Қазақстанда шетелдік көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Порталдың хабарлауынша, 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген.

    Бүгін ол өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

    Көлік құралын заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

    Мамандар eGov.kz үкімет порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы және ХҚКО арқылы, яғни өзіне ыңғайлы нұсқаның бірін таңдап, өтінім беруге болатынын еске салды.

    "Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, сонымен қатар қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс", – дейді тәртіп сақашылары.

    Еске салсақ, бұған дейін шетелден әкелінген көлікті заңдастыру бойынша қанша қазақстандықтың өтініші мақұлданғаны хабарланған болатын.

    Елде қанша адам өзінің шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.