jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде тіркеуге қойылған автокөліктер саны күрт өсті

    Көлік
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанда тіркелген жеңіл авто көліктер саны айтарлықтай өскен. Елде қаңтар-ақпан айларында қанша және қандай автокөліктер тіркеуге қойылған? Бұл туралы мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.

    Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының мәліметінше, осы жылғы қаңтар айының өзінде 126,9 мың автокөлік есепке қойылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3 пайыз артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер 25,9 пайызға, жүк автомобильдері 39,5 пайызға, ал автобустар 2 есеге артқан.

    Бюро дерегінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы есеп бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9 пайызы жеңіл автомобильдерге, 10 пайызы жүк автомобильдеріне, 2,1 пайызы автобустарға тиесілі.

    Тіркеуге қойылған көліктер статистикасы
    Ай бойынша тіркелген көліктер саны. Инфографика: gov.kz/memleket/entities/stat

    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, көрсеткіш бойынша айтарлықтай өсім болғанымен, тіркелген "жеңіл автокөліктердің" басым бөлігі жаңа көліктер емес. Тіркелген 77 328 автокөліктің шыққанына 10 жылдан асқан. Тағы 15 825 көлік - 7 жыл мен 10 жыл бұрынғы техникалар. Шыққанына 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықтағы тіркелген автокөліктер небәрі 6 896 болды. Ал салыстырмалы түрде жаңа, қолданыстағы уақыты 3 жылдан аспайтын 16 562 автокөлік тіркелген.

    Сонымен қатар сарапшылар дерегінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

    Елімізде тіркеуге қойылған автокөліктер саны күрт өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.