jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жастарға арналған тұрғын үй": 27 наурызда еліміздің тағы бір облысында құжат қабылдау басталады

    Ақша және тиын
    Ақша жинау. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлытау облысының жастарына арналған "Ұлытау жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер 27-31 наурыз аралығында қабылданады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайтында.

    Әкімдіктің мәліметінше, бағдарлама аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 750 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалады.

    Бағдарлама шарттары мынадай:

    жылдық несие мөлшерлемесі - 6%;

    қарыздың ең жоғары сомасы - 20 млн теңге;

    бастапқы жарна - кем дегенде 10%.

    Жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру кезінде некенің ұзақтығы, бала саны, жұмыс өтілі және тағы басқа көрсеткіштер қаралады.

    "Ұлытау жастары" бағдарламасына мынадай сала мамандары қатыса алады:

    • денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
    • білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
    • мемлекеттік мәдени ұйымдардың қызметкерлері;
    • мемлекеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
    • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
    • жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлері;
    • халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.

    Оларға қойылатын талап бойынша қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс. Сондай-ақ үміткердің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы керек.

    "Таңдалған салада кемінде соңғы 1 жылда ресми жұмыс өтілі болуы керек және зейнетақы жарналары міндетті түрде төленуі қажет. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Өтінімдер 2023 жылдың 27-31 наурызы аралығында сағат 09:00–18:00 аралығында қабылданады" - делінген әкімдік хабарламасында.

    "Жастарға арналған тұрғын үй": 27 наурызда еліміздің тағы бір облысында құжат қабылдау басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.