jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Тиын салғыш және ақша
    Ақша жинау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 15 мамырда басталады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, "Алматы жастары" жеңілдетілген несие беру бағдарламасына 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім 31 мамырға дейін қабылданады.

    Бағдарлама бойынша мұғалім, дәрігер, оқытушы, мәдениет және спорт саласының қызметкері және т.б. бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандары несие алуға құқылы.

    Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін лимит тағы 100 займға ұлғайтылып отыр. Мұғалімдер үшін – 50, дәрігерлер үшін – 50.

    Соның арқасында биыл 1100 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

    Сондай-ақ төменде бағдарламаға қатысу шарттары көрсетілген.

    Бағдарлама шарттары:

    • қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн теңгеге дейін;
    • пайыздық мөлшерлеме - 5%;
    • бастапқы жарна - 10%;
    • бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға болады.
    Свежая публикация по теме:
    Елімізде жаңа пәтерлер құны тағы да шарықтады

    Байқауға қатысу талаптары:

    • Қазақстан азаматтығы;
    • қатысушының жасы 35 жасқа дейін;
    • үміткерде және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауы және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактісінің болмауы;
    • денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО және ҒЗИ, журналистика, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдарында кем дегенде соңғы 6 айда еңбек өтілі және міндетті зейнетақы аударымдары болуы керек.

    Бағдарламаға қатысты анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.