jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    ІІМ шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалғанын айтты

    Көліктер
    Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

    ІІМ автокөлік иелеріне 1 шілдеге дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Медиа-портал мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі биыл 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

    Сонымен қатар елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.

    ІІМ осыған дейін 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылғанын хабарлады.

    "Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.