jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Германияда қолжетімді электрмобиль жасалады: бағасы - 25 мың еуро

    Tesla шығарған Cybertruck
    Tesla шығарған Cybertruck. Фото: Nic Coury/Getty Images

    Германияда бағасы шамамен 25 мың еуро тұратын Tesla-ның жаңа өнімі Model 2 электрмобилі пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Kolesa.kz сайты.

    Басылымның инсайдерлік дереккөздерге сүйеніп таратқан ақпараты бойынша, Tesla бастапқы деңгейдегі батареямен жүретін үлгіні Берлинге жақын Грюнхайде қаласындағы зауытта шығаруды жоспарлап отыр.

    Қазір мұнда Еуропадағы ең көп сатылатын электромобиль Model Y моделі шығарылып жатыр, бірақ компания Model 2 деп аталатын жаңа көлік одан да танымал болады деп уәде беріп отыр.

    Көлік туралы техникалық ақпарат аз. Шығындарды айтарлықтай төмендететін бірегей өндірістік технологияларды пайдалана отырып, жаңа платформада жасалып жатқаны ғана белгілі. Carscoops-тағы мәліметке сүйенсек, болашақ электрмобильдің сатылым бағасы 25 мың еуродан басталатыны хабарланған.

    Жаңа көліктің сыртқы түрі де ерекше. Вальтер Айзексонның Маск туралы кітабында кәсіпкер компанияның бас дизайнері Франц фон Холжаузеннің идеяларын мақұлдағаны және келешегі зор электрмобиль Cybertruck пикаптары сияқты минимализммен жасалатыны айтылған.

    Өндіріс көлеміне келетін болсақ, бұл жаңалық еуропалық бәсекелестерді алаңдатуы керек: Tesla 2030 жылға қарай 4 млн Model 2 шығаруды, сондай-ақ, жалпы көлемі бойынша сол уақытқа дейін барлық модельден 20 млн электрмобильге жеткізуді көздеп отыр.

    Германияда қолжетімді электрмобиль жасалады:
бағасы - 25 мың еуро

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.