jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанға тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады

    Тізгіні оң жақта орналасқан көлік. Көрнекі сурет
    Тізгіні оң жақта орналасқан көлік. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

    Қазақстанға тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады, мұндай бұйрықты өнеркәсіп және құрылыс министрі шығарды. Құжат эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды.

    "Руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

    Құжатқа сәйкес, тыйым Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір баптарына сәйкес енгізіліп отыр екен.

    2023 жылғы 29 желтоқсандағы "Рульдік басқарудың оң жақ орналасуы бар жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстанға тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.