jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың видеосымен тағы да жалған ақпарат тарады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Facebook әлеуметтік желісінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауымен жаңа инвестициялық платформасының іске қосылғанын мәлімдеген видео тарады. StopFake сараптшыларының айтуынша, бұл ақпарат - фейк.

    Видеода ондаған азамат бірнеше айдың ішінде автомобильдер мен тұрғын үй сатып алғанын айтады.

    Алайда жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы президент ресми сайтында ешқандай ақпарат жазылмаған.

    "Алаяқтар видеода мемлекет басшысының нақты сөйлеген сөзін жалған дауыспен дыбыстаған.

    Қылмыскерлер белгісіз сайтқа кіріп, өтінімді толтыруды ұсынады", - деп жазылған ақпараттың шынайылығын тексеретін сайтта.

    Сарапшылар тұрғындарды белгісіз сайтқа кірмеуге шақырды. Егер сайтқа өтсеңіз, алаяқтар жеке деректеріңізге қол жеткізеді және жинақтарыңызды иемденеді, дейді мамандар.

    Айта кетсек, бұған дейін де президент атынан тараған инвестициялық бағдарлама туралы осындай фейк хабарлама тараған болатын.

    Тоқаевтың видеосымен тағы да жалған ақпарат тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.