jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Сот орындаушысы деп таныстырады": Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемасы туралы айтты

    Құжатқа қол қойып отырған ер адам
    Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда жалған сот орындаушыларының қатысуымен алаяқтық фактілері көбейген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан Ұлттық банкі сот ісі мен шешімдері аясында жасалған "жеке сот орындаушыларының" жалған құжатын ұсыну арқылы алдайтын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді.

    "Қаражат жымқыруды көздейтін қаскөйлер өздерін жеке сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтарға жалған құжаттар жібереді. Онда азаматтарға тиесілі Ұлттық банкте "жеке тұлғалардың ашық және сақтандырылған шоты" бар деп алдайды. Сол үшін жәбірленуші тарап ретінде азаматтарға ақшалай төлемдер мен өтемақылар төленеді деген сылтаумен кейін "Ұлттық Банктің қаражатынан" өтеледі деп сақтандыру жарнасын енгізу керек екенін алға тартады.

    Азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік органдардағы "уәкілетті тұлғалардың" немесе жеке сот орындаушысының қолы мен аты-жөні жазылған және мөр басылған жалған құжаттарды көрсетеді. Мұндай "растаушы құжаттар" азаматтарды үшінші тұлғаға ақша аударуға сендіру үшін көрсетіледі", - делінген банк хабарламасында.

    Сондай-ақ мұнда азаматтардың сенімін арттыру мақсатында алаяқтар жалған құжаттарға мемлекеттік органдардың немесе жеке сот орындаушыларының "уәкілетті тұлғаларының» қолдарын, аты-жөндерін және мөрлерін қоятынын айта кетті.

    Ұлттық банктің пікірінше, мұндай "растайтын құжаттар" азаматтарды үшінші тұлғаларға ақша аударымдарын жасауға сендіру үшін ұсынылады.

    "Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске саламыз", - делінген банк хабарламасында.

    Ұлттық банк алаяқтық схемаларға тап болған азаматтарға құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жазуды және кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.

    "Сот орындаушысы деп таныстырады": Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.