jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы 7-9 пайыздық жаңа ипотекаға қанша төлеуге тура келеді

    Үй және калькулятор
    Үй және калькулятор: pixabay.com

    Қазақстанда жаңа ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз немесе 9 пайыз болуы мүмкін. Осыған байланысты артық төлемнің жалпы сомасы айтарлықтай өзгереді. Төлем есебімен KAZ.NUR.KZ танысты.

    Сәуір айының соңында Қазақстанда Наурыз ипотекасы ресми түрде іске қосылды. Ол арқылы жылдық 9 пайызбен немесе егер қатысушы халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына жататын болса, 7 пайызбен тұрғын үй несиесін алуына болады.

    Айта кетерлігі, елімізде 9 пайыздық мөлшерлемесі бар "Отау" ипотекалық бағдарламасы да жұмыс істейді. Бұған дейін сарапшылар оның аясында тұрғын үй сатып алған қарыз алушылардың төлеуі тиіс сомасын шамамен есептеген болатын.

    Енді "Крыша" сарапшылары 7 пайыздық және 9 пайыздық Наурыз ипотекасы бойынша да осындай есептерді дайындады.

    Екі жағдайда да 25 миллион теңге несие сомасы негізге алынды. Бұл ретте бастапқы жарна 5 миллион теңгені, яғни 20 пайызды құрайды.

    Бұл жерде "Наурыз" ипотекасының "Отбасы Банкінің" кез келген бағдарламасы сияқты екі кезеңді несиелеу схемасы бар екенін ескерген жөн:

    1. бастапқы жарна депозитке аударылады. Қарыз алушы пәтер құнын сәйкес несие алады, үй сатып алады және төлем жасай бастайды. Оның көп бөлігі банк сыйақысын төлеуге, аз бөлігі депозитті толықтыруға кетеді;
    2. депозитте қарыз сомасының 50 пайызын жинақтағаннан кейін оның барлығы өтеуге кетеді, ал қарыз алушы әдеттегі тұрғын үй кредитіне ауысады, ол бойынша мөлшерлеме 3,5-5 пайызға дейін төмендейді.

    Сондықтан қарыз алушы соманың 50 пайызын депозитте жинақтап үлгергенге дейін бірінші кезеңде 7 пайыз және 9 пайыз мөлшеріндегі қарыз арасындағы негізгі айырмашылықтар байқалады.

    Сарапшылардың пікірінше, бұған қол жеткізу үшін 8 жыл ішінде 25 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғанда ай сайын төлеуге тура келеді:

    • 7 пайыздық несие бойынша төлемдер 210,8 мың теңгені құрайды, оның 145,8 мың теңгесі банк сыйақысын өтеуге, ал қалған 65 мың теңге депозитке түседі;
    • 9 пайыздық несие бойынша төлемдер жоғары – 252,5 мың теңге, оның 187,5 мың теңгесі банкке түседі, ал 65 мың теңге депозитке жіберіледі.

    8 жылдан кейін екі жағдайда да салымдарда 13,8 млн теңге жинақталады:

    • 5 млн теңге – бастапқы жарна;
    • 1,2 млн теңге – мемлекеттік сыйлықақы;
    • 1,4 млн теңге – банктің сыйақысы;
    • 6,2 млн теңге – депозитті толықтыру.

    Бұл соманың барлығы несиені өтеуге кетеді, ал қалған 11 жыл ішінде қарыз алушы жылдық 3,5-5 пайызды төлеуді жалғастырады, себебі мөлшерлеме тек негізгі қарызға қолданылады.

    Екі жағдайда да төлем 104 мың теңге. Қарыздың қорытындысы бойынша 7 пайызбен 19 жыл үшін жалпы артық төлем 13,9 млн теңгені, ал 9 пайызбен 17,9 млн теңгені құрайды.

    Наурыз ипотекасы
    Наурыз ипотекасына қанша төлеу керек. Инфографика: krisha.kz

    Еске сала кетейік, "Наурыз" бағдарламасының шарттары:

    • алғашқы жарна 20 пайыздан бастап;
    • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7 пайыз (ЖТСМ 7,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін);
    • азаматтардың барлық санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме – 9 пайыз (ЖТСМ 9,3 пайыздан 11,8 пайызға дейін);
    • несие мерзімі – 19 жылға дейін.
    • Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы баспана сатып алуға болады, ал басқа елді мекендерде шектеу жоқ.

    Бағдарламаға соңғы 5 жылда жеке баспанасы жоқ қазақстандықтар ғана қатыса алатынын есте ұстаған жөн. Бұл талап олардың отбасы мүшелеріне де қатысты.

    Бұл жағдайда "Отбасы банкінде" ең аз сомасы 1 миллион теңгеге депозит ашылуы керек, сонымен қатар қарыз алушының соңғы 6 айдағы ресми кірісі де болуы керек.

    Осындай жағдайларға байланысты бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген көптеген қазақстандық сайып келгенде іріктеуден өте алмай қалды.

    Қазақстандағы 7-9 пайыздық жаңа ипотекаға қанша төлеуге тура келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.