jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Баға шарықтап кеткен": туризм министрі Бурабайдағы демалыс құны туралы айтты

    Тауда жалғыз жүрген адам
    Тауда жалғыз жүрген адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев үкімет брифингінде Бурабай демалыс аймағында демалу құны мәселесі туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер министрлер кабинетіндегі брифинг барысында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа сұрақ қойып, қазақстандықтарға Бурабайда демалу өте қымбат екенін, ал қонақүйлердегі бағаларды кейде Стамбұлдағы немесе Еуропадағы бағамен салыстыруға болатынын, алайда қызмет көрсету деңгейі жергілікті деңгейде екенін айтты.

    "Бурабай туралы айтатын болсақ, мен онда облыс әкімі болып жұмыс істедім және Щучье-Бурабай курорт аймағының дамуы туралы жақсы білемін. Көп нәрсе жасалды, бірақ бүгінде жергілікті бизнесті толғандыратын көптеген мәселе бар. Атап айтқанда, көлден су алмау үшін инфрақұрылым, кәріз, сумен жабдықтау мәселелері. Өкініштісі, мұндай фактілер бар, оны орталықтан су құбырынан алу сияқты проблемалар бар", - деді Ермек Маржықпаев.

    Ол бұл мәселенің бәрін үкімет Ақмола облысы әкімдігімен шешіп жатқанын мәлім етті.

    "Бағаға келсек. Айталық Rixos, Wyndham болса, 4-5 жұлдызды қонақүйлер болса – әрине, баға шарықтап кеткен. Бірақ 15 мың теңгеге де, 20 мың теңгеге де тамақтандыруымен де және онсыз да табуға болады. Бұл жағынан бизнес дамыған. Сондықтан әркім өзі үшін қолайлы нұсқасын таба алады деп есептеймін", - деді министр.

    "Баға шарықтап кеткен": туризм министрі Бурабайдағы демалыс құны туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.