jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Әскери қызметшілерді борышын өтеу кезінде несие төлеуден босату жоспарланып отыр

    Әскери қызметкер
    Әскери қызметкер. Көрнеік фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда әскери міндетін атқарып жүргендер қызметінің мерзімі мен тағы қосымша 60 күнге қарыздары мен несиелерін өтеуден босатылуы мүмкін. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Ашық НҚА" порталында жаңа жоба жарияланды, оны Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әзірлеген.

    Қаулы жобасының құжатындағы ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" үкіметтің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтыру енгізу жоспарланып жатыр.

    Жобаға қоса берілген түсіндірме құжатына сүйенсек, аталған қаулыны қолданыстағы заңда қарастырылмаған тармақпен толықтыру ұсынылған. Яғни бұл мерзімді әскери қызметшілердің несиелері мен қарыздарына қатысты.

    "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан соң 60 күн қоса алынатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады", - деп жазылған қаулы жобасының түсіндірме құжатында.

    Әскери қызметшілерді борышын өтеу кезінде несие төлеуден босату жоспарланып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.