Қазақстан жолдарында қандай көліктер жүре алады: "ҚазАвтоЖол" рұқсат етілген салмақ мөлшерін жариялады
Жарияланған күні:

"ҚазАвтоЖол" Қазақстан автожолдарында көлік түрлеріне байланысты рұқсат етілген салмақ мөлшерін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді қызмет етуін, сондай-ақ жолдардың сапасын сақтап тұру үшін көлік құралдарына рұқсат етілген салмақтардың регламенттелген нормалары бар. Бұл стандарттар көлік құралының санатына байланысты", - делінген хабарламада.
Төменде әртүрлі санаттағы көліктерге арналған рұқсат етілген салмақтар (тоннамен) көрсетілген:
1. Дара автокөлік құралдары
М, N және О (тіркеме) санатты:
- екі білікті 18,0 т;
- үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0 т;
- үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
- М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0 т;
- төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0 т;
- бес білікті 38,0 т;
- алты және одан да астам білігі бар 44,0 т;
2. Құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:
- үш білікті 28,0 т;
- төрт білікті 36,0 т;
- бес білікті 40,0 т;
- алты білікті 44,0 т;
- алты біліктен жоғары дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.
"ҚазАвтожол" мамандары бұл нормалар тек жол жабынының сақталуына ғана емес, сондай-ақ көлік құралдары үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Айыппұлдар мен басқа да заңнамалық мәселелерді алдын алу үшін көлік құралдарының иелері мен жүргізушілер міндетті түрде осы талаптарды сақтауға тиіс", - деді мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2132622-qazaqstan-zholdarynda-qandai-kolikter-zhure-alady-qazavtozhol-ruqsat-etilgen-salmaq-molsherin-zhariialady/