jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Банк қызметкерлері клиенттердің деректерін алаяқтарға сатқан

    Ипотека құжаттарына қол қою
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    ОКҚ брифингінде Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы биыл қазақстандық банктерге азаматтардың жеке мәліметтерін жария ету бойынша заңбұзушылықтары үшін жаза қолданылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіхалықовтан қазақстандық банктердің клиенттердің жеке деректерін қорғау сапасы тексерілген-тексерілмегені туралы сұралды, себебі көптеген қазақстандық алаяқтар азаматтар туралы ақпаратты банктерден тікелей алады деп санайды.

    "Иә, мұндай фактілер, өкінішке қарай, бар. Өткен жылы да, биыл да біз екінші деңгейлі банктерді тексердік, оларды заңбұзушылықтары үшін жазаладық. Бірақ бұл жерде мәліметтердің жеке-жеке түрде таралу фактілері болған. (…) Жеке-жеке түрде таралу дегеніміз – қызметтегі лауазымын асыра пайдаланып, белгілі бір сыйақы үшін қажетті ақпаратты жария ету. (…) Осыған байланысты азаматтардың азаматтық позициясы маңызды – олар міндетті түрде бізге бұл туралы хабарлауы керек.

    Біз барлық азаматты ақпараттық қауіпсіздік комитетіне E-otinish порталы арқылы осындай фактілер туралы хабарлауға шақырамыз, әрбір жағдайды және әрбір банкті жеке-жеке тексереміз. Әр банк деректердің саудаға түсіп, лауазымын асыра пайдалануды қаламайды. Әр банктің өз қауіпсіздік қызметі бар, біз олармен бұл мәселелерді бірге шешеміз. Егер ондай адамдарды анықтасақ, оларды айыппұлға тартамыз, ең бастысы – оларды жұмыстан шығарады және болашақта басқа банкте жұмыс табуы екіталай", - деп мәлімдеді комитет басшысы.

    Руслан Әбдіхалықов қазақстандықтарды комитетке ресми шағым жазуға шақырды, себебі әлеуметтік желілердегі шағымдар банктерде тексеріс бастауға негіз болмайды. Ол заң бұзушылықтар расталған жағдайда, айыппұл банктің өзіне салынатынын, ал банк ішіндегі басшылық қызметкерлерін қалай жазалайтынына өздері шешім қабылдайтынын қоса айтты.

    Банк қызметкерлері клиенттердің деректерін алаяқтарға сатқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.