Қаржы

Зектілері

Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Жарияланған күні:

Тұрғын үйлер
Тұрғын үйлер. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала тұрғындарын жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Бұл жұмыстарға 20 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімдігі хабарлады.

Биыл қалада 3 911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 3 139 пәтерлі 58 тұрғын үйі бюджет есебінен, ал 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынуда.

Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үй ауласы
Үй ауласы. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Жыл соңына дейін 7 қабатты 840 пәтерлі 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу күтіледі.

Жалпы, қалада жыл басынан бері 1323 пәтер табысталды.

Жыл аяғына дейін 1390 пәтер пайдалануға беріледі.

Үйдің кілтін табыстау рәсімінен
Үйдің кілтін табыстау рәсімінен. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Тұрғын үйлер
Тұрғын үйлер. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Тұрғын үйлер
Тұрғын үйлер. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2176118-qyzylordada-turgyn-ui-qurylysy-qarqyndy-zhurgizilip-zhatyr/