jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі шықты

    Ақша және баспана
    Ақша және баспана. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы сатып алу үшін ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдік мәліметінше, бұл тұрғын үй кешендері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқтығына және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауына байланысты ұсынылмайды.

    Абай ауданы: 1. "РАМАДАН" ТК – "Асар-2" шағынауданы, 3195/1 учаске 2. "BAQSARAI" ТК – "Асар-2" шағынауданы, 3203 учаске

    Әл-Фараби ауданы:

    3. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – "Күншығыс" шағынауданы, Жібек Жолы даңғылы, 63

    Тұран ауданы: 4. "AVENUE-32" ТК – Н.Төрекұлов көшесі, 4/3 5. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – "Отырар" шағынауданы, М.Дулати көшесі, 206А

    Сонымен қатар, "Шымкент Сити" шағынауданында орналасқан "DAMDES-OTAU" тұрғын үй кешені, 10 және 15А учаскелері бойынша пәтер иелерінен тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр.

    Құжаттардың бар-жоғын тексеру үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі: 8 747 430 16 03.

    Шымкентте сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.