jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

    Баспана
    Баспана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

    Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.

    "Жастар" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

    • Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы;
    • ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
    • өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
    • өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы;
    • өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;
    • тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы.

    Пәтер саны – 900.

    1 бөлмелі – 238;

    2 бөлмелі – 412;

    3 бөлмелі – 250.

    Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан.

    Жастар бағдарламасына қатысушылар kezekte.kz электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

    Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.